Елордада құрылысшы 14-інші қабаттан құлап кетіп, мерт болды

None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Астананың Есіл ауданында бой көтеріп жатқан «Лазурный квартал» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде 20 жастағы жұмысшы 14-қабаттан құлап, оқиға орнында жан тапсырды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.