Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері қала маңында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Қар құрсауынан 2 автокөлікті эвакуациялап, адамдарды қалаға жеткізді.
«Қазіргі уақытта күннің бұзылуына байланысты көлік құралдарының барлық түрлері үшін автожолдарда төрт бағыт бойынша қозғалыс жабыұ. Олар: Астана-Қорғалжын, Астана-Ерейментау-Шідерті, Астана-Анар станциясы, Астана-Щучинск»,-делінген хабарламада.