Елордада қысқы жүгіруден жарыс өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында қысқы жүгіріс ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған спорттық шара туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев мәлім етті.

«Бүгін елордадағы триатлон саябағында ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Qysqy jügiru» жарысы өтті. Бұқаралық спортты қолдау мақсатында 10 шақырым қашықтықты спортшылармен бірге жүгіріп өттік. Күннің сауықтығына қарамастан жарысқа 300-ге жуық кәсіби және әуесқой спортшылар жиналды. Бұны халықтың спортқа деген қызығушылығының дәлелі деп білемін», - деп жазды С. Ерғалиев Facebook парақшасында.