Елордада «Қыз Жібек» спектаклінің жабық көрсетілімі өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласының Номад театрында БАҚ өкілдеріне «Қыз Жібек» лиро-эпосының алдын ала жабық көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды театрдың баспасөз қызметі.

«Қыз Жібек» спектаклінде С.Сейфуллиннің «Аққудың айырылуы» поэмасы, танымал қазақ ақындарының өлеңдері, композитор Еділ Құсайыновтың музыкасы қолданылады.

Қойылымның авторы – Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы, режиссер – Дина Құнанбай, суретші – Айнұр Есболатова, хореограф - Анна Цой, музыкамен көркемдеген - Нұрсұлтан Төрәлі.

« Қыз Жібек « лиро - эпостық дастаны - Төлеген мен Қыз Жібектің адал махаббатын әспеттеген қазақтың жақұт жырларының бірі . Қаншама ғасыр ел жадында сақталған жырдың 16 нұсқасы белгілі . Әлі күнге дейін өзектігін жоғалтпай келе жатқан туындының сыры неде ? Сіз бен біз білетін қос ғашықтың қосылмауына кінәлі расымен де Бекежан ба , әлде Базарбайдың өз ұлына берген теріс батасының кесірі ме ? Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы «Қыз Жібек» лиро-эпосында жырды жаңаша интерпретациялайды.

Спектакльде кейіпкерлердің ішкі күйін, жан тебіренісін, сезім иірімдеріне бұрыңғыдан тереңірек үңілуге мүмкіндік туады.