Елордада Лев Гумилевке арналған шығармашылық кеш өтуде

АСТАНА. Мамырдың 15-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Мир» телерадиокомпаниясы белгілі ғалым-түркітанушы Лев Гумилевтің тікелей араласуымен ашылды. Бұл туралы бүгін Лев Гумилевтің өміріне арналған шығармашылық кеште журналист, «Мир» телерадиокомпаниясының негізін салушы Ғаділбек Шалахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мир» телерадиокомпаниясын ашудың алдында біз Лев Гумилевтен кеңес алып, сұхбаттасқан болатынбыз. Ал телеарнаның бірінші бағдарламасында ғалым біздің бастамамызға жылы лебізін тілеп, батасын берген еді. Сондықтан «Мир» телерадиокомпаниясы осы Лев Гумилевтің тікелей араласуымен ашылды деуге болады», - дейді Ғ.Шалахметов.