Кешкі уақытта ломбардта болған жігіт құны 120 мың теңге тұратын алтын сақина сатып аламын деге желеумен оны көрсетуді өтінгені анықталды. Зергерлік бұйымдарды ұстап тұрып, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Содан кейін ол сақинаны басқа ломбардқа өткізіп жіберген, оны полиция қызметкерлері тәркіледі.
Қазіргі уақытта ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Ұсталған азамат бұрын бірнеше рет тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.