Елордада LRT құрылысынан өрт шықты
16:38, 28 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қазір тілсіз жау ауыздықталды, зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қабанбай батыр даңғылы бойында LRT-ның 15 шаршы метр аумақта құрылыс қалдықтары өртенді.
— Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Айта кетсек, бұған дейін елордада автокөлік иелері LRT құрылысшыларына шағымданған еді.
Еске салайық, биыл күзде LRT тестілік режимде іске қосылады деп күтіліп отыр.