Қабанбай батыр даңғылы бойында, LRT құрылыс нысанында, 15 шаршы метр аумақта құрылыс қалдықтары өртенді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген хабарламада.
Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Айта кетсек, бұған дейін елордада автокөлік иелері LRT құрылысшыларына шағымданған еді.
Еске салайық, биыл күзде LRT тестілік режимде іске қосылады деп жоспарланған.