Елордада LRT жобасы бойынша қанша қаржы үнемделетіні айтылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов LRT жобасы аясында атқарылатын жұмыстар бойынша есеп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорданың баламалы көлік түрлерінің қажеттігінжәне халықаралық міндеттемелерді, сондай-ақ құрылыс инфрақұрылымын дайындаубойынша атқарылған жұмыстың көлемін ескере отырып LRT жобасы аясында келесіжұмыстар атқарылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жобаны оңтайландыружұмыстары жүргізілді. Үкімет тарапынан Қытай даму банкінің қарызынан бас тартубойынша шешім қабылданды. Бұл 800 млн АҚШ долларын немесе 300 млрд теңгеденастам сомада қарызға кететін шығыстар бөлігінде республикалық бюджетке түсетінқаржылық салмақты азайтуға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, инвесторларменкеліссөздер жүрігізіліп, Қазақстанның екінші деңгейлі банктерімен, қаржыинституттарымен облигацияларды орналастыру шарты қарастырылды. Бұдан бөлек,Қытай тарапынан келісімшарт құнына салықты қосу туралы келліссөздерді бастадық,бұл шара жоба бойынша шығындарды 200 млн долларға азайтуға жол ашады», - деді әкім Үкіметотырысында.

Оның сөзіне қарағанда, жолаушылардың қазіргітаңдағы санын ескере отыра, жоба аясында жылжымалы құрамды немесе пойызды19-дан 12 бірлікке дейін қысқарту мүмкіндігі қарастырылды. Бұл 40 млн АҚШдолларын үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Пойыздардың жүру интервалы қазіргі уақытта 3минуттан 10 минутқа дейін өзгертілді. Егер алдағы уақытта халықтың саны артса,оны қайтадан қалпына келтіруге болады. Сонымен бірге, осы кезеңде 7 аялдамастансасын қысқарту қарастырылып отыр, қазіргі уақытта 18 станса болса, соны11-ге дейін қысқарту көзделді. Жерасты жаяу жүргіншілер жолы да қысқарады, бұл110 млн доллар қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталған шаралар жобаныңшығындарын 350 млн долларға немесе 135 млрд теңгеге дейін оңтайландыруғасептігін тигізеді», - А. Көлгінов.

Оның атап өтуінше, қабылданған шаралар бойыншабастапқы есептеулерден бюджет қаржысын үнемдеу 1,2 млрд долларды құрады. Бұл800 млн доллардан астам займға қызмет көрсету және 350 млн доллар құрылыс-монтаж жұмыстарыесебінен қысқарады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевосыған дейін LRT құрылысы мәселесінбіржола аяқтауды тапсырған болатын.


Соңғы жаңалықтар