Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы мәлімдегендей, автокөлік жолдарын орташа жөндеу шеңберінде Астананың Е.Дүйсенбаев көшесі мен Малахов тұйық көшесіне дейінгі аралықта жатқан Малахов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарға сәйкес жөндеу жұмыстары 6 қазаннан 16-сына дейін жалғасатын болады.
«Осыған байланысты, осы жылдың қазан айының 6-нан 16-на дейін түнгі уақытта (23:00-ден 6:00-ге дейін) Е. Дүйсенбаев көшесі мен Малахов тұйық көшесінің аралығында жатқан Малахов көшесіндегі автокөліктердің қозғалысына ішінара шектеу қойылады», - деп жазылған басқарманың хабарламасында.