Оның сөзінше, бүгінгі таңда қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін нысандардың барлығы талапқа сай жұмыс істеп тұр. Қандай да бір төтенше жағдай болған жоқ.
Сонымен қатар әкімнің орынбасары Нұр-Сұлтанда жылу беру маусымы 2019 жылдың 4-ші мамырында аяқталатынын айтты.
Мәжілісте жылыту маусымына байланысты жәйттерден өзге қаланың санитарлық жағдайы, аулалардың қауіпсіздігі, қала аймақтарын көріктендіру сияқты және 2019 жылы өтетін Ұлттық бірығай тестілеуді ұйымдастыру мәселелері де сөз болды.