Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қалалық ауруханаға пышақ жарақатын алған елорда тұрғыны жеткізілген.
Істің мән-жайын анықтау барысында екі адамнығ үйде отырып, спирттік ішімдік ішкені анықталды. Артынан олардың арсына жанжал туып, үй иесі бөтелкелесіне бірнеше рет пышақ сұғып алған, содан кейін жедел жәрдем шақырған.
Өздерінің әрекетінің салдарынан қорыққан олар полицияға «үйге кіреберісте бейтаныс біреу пышақ салды» деп айтамыз деп келіскен. Алайда полиция қылмыстық әрекеттің бетін ашты. Ұсталған азамат істеген ісін мойындады.
Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.