деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш шараны Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы Ф.Эберт атындағы қордың қолдауымен ұйымдастырып отыр. «Тренингтер түріндегі мұндай семинар Қазақстанда алғаш рет өтуде. Шараның нәтижелері бойынша ұсынымдар жасалмақ. Шақырылған мамандар халықаралық стандарттар бойынша медицина қызметкерлеріне тергеу ісін дұрыс жүргізу туралы айтып береді. Біз шараға қатысушылар семинардан кейін өз міндеттеріне барынша жауапкершілікпен, әрі адамгершілікпен қарайтын болады деп үміттенеміз», - деп атап өтті «Орталық Азияда зорлық-зомбылықтан құқықтық қорғау» жобасының заңгері Татьяна Чернобиль.
Семинар 2 күнге созылады. Оған ІІМ жүйесінің, ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрілігі Астана қаласы бойынша басқармасының 50-ден астам медицина қызметкері қатысуда.