қатысуымен жаңа медициналық құтқару реанимобильдердің кілттерін салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсетілген тапсырмасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігіне құру жүктелген трассалық медициналық құтқару тіректері осындай реанимобильдермен жабдықталатын болады.
Mersedes-Benz Sprinter автокөлігі базасында жасалған реанимобильдер арнайы тапсырыспен Германияның Линген қаласындағы зауыттан шығарылған. Бұл реанимобильдер жиынтығы жағынан бірегей көлік деп айтуға болады. Реанимобиль қуатты бензин қозғалтқышымен жабдықталған, биік төбесі бар тұтасметалды фургоннан тұрады. Бұл медициналық қызметкерлерге салон ішінде реанимациялық шаралар өткізу кезінде тұрып көмек көрсетуге, ұзартылған (8 метрге жуық) базасы 5-7 зардап шегушіні тасымалдауға мүмкіндік береді.
Реанимобильдің қажетті апаттық-құтқару жабдығы - зардап шегушілерді автокөліктен шығарып алу жұмыстарын жасауға мүмкіндік беретін арнайы жеке бөлігі бар. Сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи медициналық жабдық пен медициналық құралдармен жабдықталған. Барлық реанимациялық жабдықтарды жетекші еуропалық өндірушілер ұсынған. Реанимобиль медициналық және құтқару жабдығынан бөлек, ұялы байланыс операторлары қызмет көрсету аясынан тыс болатын аумақпен байланысуға мүмкіндік беретін спутниктік телефон бар.
Жалпы, қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомстворалық өзара әрекеттестік тиімділігін арттыру шеңберінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» 3 пойызы жүргізілді. 110 станса тұрғындарына 260 мыңнан астам емдеу-диагностикалық қызмет көрсетілді. 48 мыңнан астам адам, соның ішінде 14 мыңға жуық бала тексерілді.
Санитарлық авиация бойынша Республикалық үйлестіру орталығы құрылды. 2011 жылдың шілде айынан бері 200-ден астам ұшу жүзеге асырылды. 6 тікұшақты, соның ішінде 2 - Ка-32 А11ВС және 4 - «Еурокоптер ЕС-145» тікұшағын жеткізу жөнінде келісімдер жасалды.