НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қалалық мектептердің бірінің директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, ол ЖШС өкілінен мектептегі тамақтандыру бойынша көрсетілетін қызметті жүзеге асыру кезінде жалпы қамқорлығы үшін 742 мың теңге көлемінде (айлық бюджеттік қаржыландырудың 10 пайызы) пара алу күдігіне іліккен.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәлілік дәрежесін анықтау арқылы сот шығаратын болады», - деп атап өтеді ведомстводан.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.