НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтандағы №18 мектептің директоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Елордалық жемқорлыққа қарсы қызмет №18 мектептің директорына қатысты тергеуді бастады.
Ол осы білім ордасының бастауыш сынып мұғалімінен 100 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілініп отыр. Директор әйел бұл ақшаны жаңа оқу жылында қосымша оқу сағаттарын бөлу үшін алған.
Тергеу жалғасып жатыр. Айыптыға қатысты түпкілікті шешімді сот қабылдайды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.