2006 жылы туған Ержанов Нартай Досанұлының бұған дейін де бiрнеше рет үйiнен кетіп қалғандығы анықталып отыр
«18 қаңтар күні баланың анасы арызданып келдi. Қазiргi уақытта полиция қызметкерлері еріктілермен бiрге жедел-іздестіру шараларын жүргізуде. Кәмелетке толмаған жасөспiрiмнiң бұрын бiрнеше рет үйiнен кеткендiгi анықталып отыр», - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінен.
Оқушы бала 18 қаңтар күні үйінен шығып кеткен. Бойы 130-135 сантиметр аралығында. Қара түсті бас киім мен қыстық күрте киген. Полиция қызметкерлері Нартайды көрген-білгендер болса, «102» пультіне немесе 87055508425, 87014926249 нөміріне хабарласуды сұрайды.