Астана қалалық ІІД ақпаратына сәйкес, 14 жастағы баланың зорлық-зомбылық белгісі жоқ мүрдесі 30 қараша күні сағат 13.00-де №59 мектептің оқу сыныбында табылған.
«Полиция қызметкерлері №59 мектептің оқу сыныбында табылған 2002 жылы дүниеге келген кәмелетке толмаған жасөспірімнің өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қолышбекова.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.