1 қыркүйек қарсаңында балалар кеңсе тауарларымен, қажетті киім-кешекпен, аяқ киіммен және мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, «Қазаэросервис» АҚ және «Тұран-Астана» университетінің демеушілік қолдауымен 17 балаға жылы күртешелер мен спорттық костюмдер берілді, деп хабарлады astana.kz.
«Бізге акцияға қатысып, балаларға көмектескісі келетін демеушілер хабарласады. Шара қыркүйек айының соңына дейін жалғасады, сондықтан балаларды күртешемен және жылы аяқ киіммен қамтамасыз етпекпіз», - дейді Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Ләззат Орынбасарова.