«27 жастағы келіншек мемлекеттік бағдарламамен кезектен тыс тұрғын үй алып беруге уәде берген. Ол азаматтардан әртүрлі сомада қаражат алып отырған. Анықталғандай, күдікті 2015-2017 жылдар аралығында адамдардың сеніміне кіріп, ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген. Жалпы сома шамамен 300 млн теңгені құрайды», - деді қалалық Полиция департаментінен.
Күдікті өз кінәсін толық мойындап, №2 «Сарыарқа» аудандық сотының шешімімен ҚК 190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағымен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
«Аталған қылмыстық әрекеттен зардап шеккен тұлғалар бар болса Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне хабарласуы (мекенжай: Бейбітшілік көшесі, 19; 7(7172)71-62-26 немесе 102) тиіс», - деді полициядан.