Елордада мемлекеттік рәміздер күнінде қандай шаралар өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 4 маусым — мемлекеттік рәміздер күні өтетін іс-шаралар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен 4 маусым күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде «Ұлттық рәміздер — елдігіміздің реңі, теңдігіміздің тірегі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Ал Facebook: @atamekenmap.kz Instagram: @atamekenmap парақшаларында Ммемлекеттік рәміздер жайлы ақпараттық жазба жарияланады.

«АЛЖИР» мемориалды кешені әлеуметтік желілерде «Бірлік пен бейбітшілік нышандары» көрмесін, сол сияқты «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің нышаны» дәрісін өткізеді.

Facebook: Музей АЛЖИР, Instagram: museumalzhir, Youtube: Museum ALZHIR Astana.

Сонымен қатар мына парақшаларда «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» онлайн сабағы өтеді: Facebook:Ескерткіштер дирекциясы; Instagram: monuments_of_nursultan; Youtube: ments of Nur-Sultan city.

Ал «Тәуелсіз елдің ертеңі – талантты жастар» атты политехникалық колледж студенттерінің қолданбалы өнер көрмесі, сол сияқты «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік символы» атты бейнебаян онлайн режимде мына парақшалардан көрсетіледі:м

Facebook: «Мәңгілік ел» Салтанат қақпасы

Instagram: triumphal_arch_nur_sultan

Өз кезегінде Сәкен Сейфуллин мұражайы Facebook, Instagram парақшаларында «Мемлекеттің басты нышаны – рәміздер» атты фото көрмесін өткізеді.

Айта кетейік, іс-шаралар тізімінің толық нұсқасымен мына сілтемеде танысуға болады.