Байқаудың шартына сәйкес әр мекемеден бір топ қатысып, оның құрамында 5 қызметкер болуы керек. Сайыстың іріктеу туры қыркүйектің 3-5-і аралығында өтеді. Сайысқа қатысушылар 5 кезең бойынша сынға түседі. Бірінші кезеңде қатысушылар топтың атауын, ұранын, мақсаты мен міндеттерін таныстырса, келесі «Іс жүргізудегі сөз қолдану және пікірсайыс» кезеңінде іс жүргізуге қатысты құжаттардың жүргізілуі туралы, жұмыс барысындағы талдау, сараптау, есеп беру, баяндама жасау, ресми сөз сөйлеу ұсыныстар айту бойынша көрініс көрсететін болады. Үшінші кезең «Қазақ тілі жаңа технологиялар әлемінде» деп аталады. Ал «Терминдер әлемі» кезеңінде топ мүшелері берілген терминдердің қазақша баламаларын айтып беруі тиіс. Соңғы «Қазақ сөзі» кезеңінде қатысушы тіл туралы даналық сөздерді, әйгілі ғалымдар мен саяси қайраткерлердің сөздерін насихаттау немесе мемлекеттік тілге қатысты қызмет бабындағы ұсыныс, ой-пікірін ортаға салу, ресми құжаттардан дәйексөз алып, оны қорытындылай білуі керек.
Байқауға қатысу туралы ұсыныс қыркүйектің 3-іне дейін мына мекен жай бойынша: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 қабылданады.