Елордада «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық конкурс жеңімпаздары марапатталады

None
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Маусымның 25-і күні ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті мемлекеттік тіл саясатын БАҚ-тарда кеңінен насихаттау және оның қазақ және орыс тілді басылымдарда насихатталу белсенділігін арттыру мақсатында

әрі Баспасөз, теледидар және радио күніне орай «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» атты республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттайды.

Аталған байқауға еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту әрі мәртебесін нығайту, жарияланымдар мен хабарлардың сапасын жақсарту және қазіргі мемлекеттік тілдің ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни материалдар жариялаған жекелеген тілшілер мен шығармашылық топтар және БАҚ-тар қатысқан болатын. Конкурс «Үздік басылым», «Үздік телеарна», «Үздік радио», «Үздік сайт», «Үздік автор» атты аталымдар бойынша өткізілді.

Оған 2010 жылғы қаңтардың 10-ы мен маусымның 10-ы аралығында қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген жарияланымдар, эфирден өткен хабарлар қамтылды.

Ең үздік деп танылған жүлдегерлер арнайы дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.