Елордада мемлекеттік тілді оқыту бойынша курстар өткізіледі

АСТАНА. 22 қаңтар. ҚазАқпарат - Астанада мемлекеттік тілді оқыту бойынша тегін курстарға тыңдармандар қабылдау жүргізіледі.

Бұл туралы аstana.kz сайтына Астана қаласының әкімдігінен хабарлады.

Өтініштер 20 ақпаннан 10 наурызға дейін қабылданады. Курстар аптасына екі рет әр тыңдарманға ыңғайлы уақытта өткізіледі. Бір топ 12 және одан артық адамнан тұрады. Жаңа бастаған тыңдармандар мемлекеттік тілді меңгереді. Курстарға жазылу үшін мына телефондарға хабарласу керек: 21 11 85, 21 36 41, 8 775 902 61 89.