Астана әкімдігінің мәліметіне қарағанда, таяуда Астанада Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған кезекті пәтерлер бөлінді. Баспанаға бағдарламаның бірінші кезеңі бойынша құжат тапсырған 134 қатысушы ие болды. Пәтерлер Тілендиев даңғылынан оңтүстік бағытқа қарай Сарыбұлақ жылғасының бойындағы үйде орналасқан.
Баспасөз хабарламасында аты-жөндері тізімнен табылған азаматтарға Тұрғын үй басқармасына барудың қажеті жоқтығын ескертілген. «Тұрғын үй комиссиясының оң қорытындысына ие болған азаматтар сату-сатып алу жөнінде келісімшартқа қол қою үшін Астана қаласының Тұрғын үй басқармасына шақыртылатын болады»,-делінген таратылған мәліметте.