Шеберлік дәріске нейрохирургия профессоры - Саураски медициналық орталығының (Израиль, Тель-Авив) нейрохирургия бөлімшесінің интервенционды нейрорадиология бөлімінің жетекшісі Шимон Маймон қатысады. Ол сондай-ақ 5 дәріс оқып, онлайн режімде бірнеше көрнекі операцияларды жасайтын болады.
17:55, 01 Қараша 2010
Елордада «Мидың тамырлы патологиясын емдеудің эндоваскулярлық әдістері» атты шеберлік дәріс өткізіледі
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - 1-5 қараша күндері елордадағы Ұлттық нейрохирургия ғылыми орталығында «Мидың тамырлы патологиясын емдеудің эндоваскулярлық әдістері» атты шеберлік дәріс өткізіледі. Бұл ақпаратты аталған орталықтың баспасөз қызметі таратып отыр.