«ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, елордадағы заңсыз келген тұлғаларды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және елге шетелдіктердің келуіне бақылауды қатайту мақсатында Астана қаласында сәуірдің 13-і мен 17-сі аралығында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі», делінген баспасөз хабарламасында.
Аталған шараны жүзеге асыруға ішкі істер органдарының 1000-ға жуық қызметкерлері тартылмақ.
Шетелдіктер көп тұратын және келетін орындарға, атап айтқанда, базарларға, құрылыс нысандарына, автобекеттерге, қонақүйлер мен жатақханаларға рейдтер жүргізіліп, көші-қон заңнамасының бұзылу фактілеріне, сондай-ақ заңсыз көші-қонды ұйымдастырушылар мен арналарға тексеріс жүргізіледі.
Көші-қон заңнамасын бұзған азаматтардың келу мерзімі қысқартылып, елден шығарылады.