Елордада мобильді жұмыспен қамту орталығы ашылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтан қаласында елді жұмыспен қамтуға арналған 8 мобильді орталық ашпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Соның бірі қаладағы «Эталон» сауда-құрылыс орталығының жанына бой көтеріпті. Палата өкілдерінің айтуынша, еліміздің 3 қаласында дәл осындай 30 мобильді орталық жұмыс істейтін болады.

Базар, вокзалсияқты ел көп шоғырланатын орындарда ашылатын орталықтар таңғы сағат 9.00-денкешкі сағат 18.00-ге дейін жұмыс пенкәсіп іздеген адамдарды қабылдайтын болады. Орталық мамандары қолында дипломыболса да, мамандығына сай жұмыс таппай жүрген жандарды біліміне сәйкес жұмысқаорналастырып, жоғары білімі жоқ жандарды кәсіби оқу орталықтарына жолдайды. Албизнес ашқысы келгендер «Жас кәсіпкер» және «Бастау» жобасы арқылы кәсіпкерлікқырларын меңгереді.

«Атамекен» ұлттықкәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының бірінші орынбасары ЭльдарЖұмағазиев мұндай мобильді орталықтар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентқалаларында ашылып жатқанын айтады.

«Елордада 8,Алматыда 12, Шымкентте 10 орталық ашып отырмыз. Бұл орталықтың ең бастыерекшелігі жылжымалы етіп салынғанында. Егер орналасқан жерінде келушілер азболса, адам көп өтетін басқа орынға апарып қоюға болады. Президент мобильдіқызмет көрсету орталықтарын халықтың шоғырланған жерлеріне орнату туралытапсырма бергенін білесіздер. Соған байланысты, «Еңбек» бағдарламасы арқылықаражат бөліп, 3 қалада 30 орталық аштық. Мұнда негізінен жұмыссыздар менөзін-өзі қамтамасыз еткен тұлғалар көмек алатын болады», - дейді ЭльдарЖұмағазиев.


Оның айтуынақарағанда, «Атамекен» палатасы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінің әлеуметтің әлжуаз топтарына арналған базасы біріздендірілмек.

«Осында кіргеназаматтың әуелі әлеуметтік статусын анықтаймыз. Егер ҚР Еңбек және халықтыәлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жоқ болса, сонда енгіземіз. Осыданкейін барып ол кәсіпкерлік дағдысын анықтайтын тест тапсырады. Межелі ұпайалса, «Жас кәсіпкер» немесе «Бастау» бағдарламасы бойынша оқып, 500 мыңтеңгелік грантқа жоба ұсына алады. Ал кәсіпкерлікке ынтасы жоқ болса, арнайыбілім алуына болады. Ондай білім беретін 50-ден астам орталығымыз бар. Олорталықтарда оқытылатын мамандықтар тізімі жергілікті жердегі еңбек нарығынаталдау жасау арқылы іріктеледі. Яғни, жұмыс берушілерге қажет мамандықтароқытылады. Мамандыққа оқу барысында шәкіртақы төленеді. Ал оқуы аяқталған соңжұмысқа орналасуына көмек көрсетіледі», - деді палата өкілі.


Орталыққажүгінген тұрғын тек кәсіпке жолдама алып қана қоймай, жеке тұлғалық қасиеттерінде дамыта алады.

«Келесі бір бөлмеорталық көмегіне жүгінген адамның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту бойыншакөмек көрсетеді. Азамат біздің мамандармен ақылдаса отырып, алдағы 2-3 жылғатабысы мен әлеуметтік статусын, білімін көтеруге арналған жоспар құрады.Орталық өкілдері сол жоспарды орындауға жол сілтеп отырады», - деді «Атамекен»ҰКП өкілі.


ҚР Еңбек жәнехалықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Ақмәди Сарбасов мұндайорталықтар мемлекеттің ұсынған мүмкіндіктерін халыққа жақындататынын атады.

«Халыққабелсенді қызмет көрсету форматы дәл уақытында ашылып отыр. Елді жұмыспен қамту,маман тапшылығын азайту, кәсіби бағдар сілтеу сияқты бірнеше қызметті бірдейатқаратын орталыққа министрлік те қолдау көрсетеді»' - делі вице-министр.


Соңғы жаңалықтар