Елордада мониторинг топтары түнде карантин режимін бұзған 5 мекемені анықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада мониторинг топтары түнде карантин режимін бұзған 5 мекемені анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме жасап.

Елордада шектеу шараларын сақтамауға жол бермеу және анықтау жөніндегі мониторинг топтарі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ескертуге қарамастан, әкімшілік жауапкершілікке тартылса да қалада кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуы күн сайын тіркеледі.

Елордада 24 наурыздан 25-іне қараған түні карантин режимін бұзған 5 мекеме анықталды.

Есіл ауданында «VZлетный» ресто бары мен «Шишка» лаундж бары шектеуге қарамастан тиісті режимді бұза отырып жұмыс істеді.

Мобильді топ осындай жағдайды Алматы ауданында орналасқан «WEST» компьютер клубында тіркеді.

Сонымен қатар, сағат 00.00-ден кейін Сарыарқа ауданындағы «Среда» ресто- ары мен «Red House» монша кешені келушілерге қызмет көрсетті.

Елорданың бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген шектеуді «Мята» лаундж бары, сондай-ақ Байқоңыр ауданында орналасқан кафенің бірі сақтамаған.

Жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдау және тәртіп бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды.

Айта кетейік, елордада коронавирустың эпидемиологиялық жағдайы тұрақсыз. Нұр-Сұлтан 10 наурыздан бастап эпидемиологиялық жағдай бойынша «қызыл» аймаққа енді. Қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын орындарға бармауды, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және басқа да санитарлық нормалар мен талаптарды сақтауды кеңес етеді.