Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді. Осы санаттағы адамдарды вакциналау үшін Нұр-Сұлтанда 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуға ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.
«Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакциналау АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімдері жасалды, тиісті емханаларға жіберілді», - деп атап өтеді басқармадан.
Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда барлығы 2 126 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам вакцинаның жаңа дозасы түсті.