Жарысқа Қазақстанның 5 өңірінің спортшылары қатысады. Атап айтқанда, Астана қааласынан, ОҚО, Қарағанды, Жамбыл және Атырау облыстарынан үміткерлер өз бақтарын сынайды. Жарыстың бас төрешісі - Халықаралық Паралимпиадалық комитеттің өкілі. Айта кетейік, елордалық «Қайсар» спорт клубы арбамен билеуді дамытуды қолға алды. Аталмыш спорт түрінен халықаралық додалар да ұйымдастырылады. ҚР чемпионатына «Қайсар» СК тәрбиеленушісі, арбамен билеуден 2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ардақ Отарбаев қатысады. Би олимпиадасы аясындағы жарыс бір уақытта екі залда өтеді. Бұдан басқа, Олимпиадаға Қазақстанның өңірлерінен барлық би бағыттары бойынша бишілер қатысады. Атап айтқанда, балет, халық, шығыс, бал және эстрадалық билер, степ, сальса, арбамен билеу және т.б. Еске салайық, жарыс 12-13 сәуірде Тәуелсіздік сарайында сағат 10:00-19:00 өтеді. Бұл шара ҚР Паралимпиадалық комитетінің, «Нұр Отан» партиясының, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің, Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының, Астана қаласының Мәдениет басқармасының және «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» ҚБ қолдауымен өткізіледі.
21:17, 11 Сәуір 2014
Елордада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында би билеуден ҚР чемпионаты өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-13 сәуірде елордада Тәуелсіздік сарайында қазіргі заманғы және спорттық би билеуден IV би олимпиадасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында арбада отырып би билеуден ҚР чемпионаты өтеді. Бұл туралы Астана қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады, деп жазады елорда әкімдігінің ресми сайтында.