Үш сағат бойы өткен жұмыс жәрмеңкесіне елорданың 150-ге жуық мүмкіндігі шектеулі тұлғасы қатысты. Жәрмеңке аясында Астана қаласының 20-дан астам жұмыс беруші мекемелері күзетші, есепші, полиграфия мамандары және т.б. жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке соңында шамамен 80 адамды компания тарапынан сұхбаттасуға шақырылды.
Сондай-ақ, бос орындар жәрмеңкесінде «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» әлеуметтік бағдарламасы бойынша кеңестер берілді.