Компанияның хабарлауынша, ашылу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бизнесті қолдау жөніндегі жетекші менеджері Серікбек Елшібеков, Румынияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Эмиль Рапча қатысты.
Көрменің ашылуында сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның бизнесті қолдау жөніндегі жетекші менеджері С.Елшібеков «көрме Қазақстанның, ТМД мемлекеттерінің және алыс шетелдік компаниялардың қатысуымен бүкіл астаналық көрме шаралардың орталығы болуы мүмкін. Тұрақты қатысушыларға ыңғайлығы жағынан көрме инвестициялық жобалардың және компаниялар қызметтерінің тұсаукесерін өткізу үшін қосымша алаң болуға лайықты», деп атап өтті.
Көрме жұмысына қазақстандық, ресейлік, британдық, түркиялық, итальяндық, мысырлық, украиндық, түрікмендік және т.б. компаниялар қатысып отыр.
Көрме сәуірдің 22-іне дейін жұмыс істейді.