Елордада Мұңайтпасов пен Мирзоян көшелері арқылы қозғалыс ашылды
деп хабарлады қалалық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 17-сі мен 30-ы аралығында Мұңайтпасов көшесінде жүргізілетін жолды кешенді қайта жөндеу жұмыстарына байланысты бұрын рұқсат етілген Мирзоян көшесіндегі көлік қозғалысы тоқтатылған болатын. Қазіргі таңда аталған көшелердің қиылысында уақытша бағдаршам орнатылып, жаңа инженерлік желі тартылды.
Астана қалалық ЖПБ жолды қадағалау бөлімінің бастығы Нұрлан Уваевтың айтуына қарағанда, бір аптадан кейін Мұңайтпасов көшесінің Мирзояннан Тәуелсіздік көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ашылмақ.
Сонымен қатар бүгін асфальт төсеуге дайындық жұмыстарына байланысты Сейфуллин көшесінің Бейбітшілік көшесі мен Республика даңғылы аралығы жартылай жабылған. Ал асфальттің жоғары қабатын тегістеу жұмыстарына орай Сейфуллин көшесінің Қошқарбаев пен Уәлиханов көшелері аралығында көлік қозғалысына жартылай шектеу қойылған.