«Өткен аптаның соңында елордалық тұрғын үй кешенінің лифтісінде бір оқиға болды. Жас жігіт мас күйінде мысықты тепкілеп, лифт ішінде қажетін өтеген. Полицейлер құқық бұзушыны анықтады – ол Астананың 19 жастағы тұрғыны болып шықты», - деді ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек апталық брифингте.
Кінәліге қатысты әкімшілік кодекстің 434 («Ұсақ бұзақылық») және 407-1 («Жануарларға қатыгездік») баптары бойынша бірден екі әкімшілік іс қозғалды.
Кінәлі уақытша изоляторға қамалған. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.
Сондай-ақ, мұндай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілген.
Еске сала кетейік, мұның алдында Ақтауда мысықты үстінен мыжып, жәбірлеген тұрғынға үкім шыққан еді.