НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс арена» стадионында әлемнің бірінші және екінші ракеткалары, сербиялық Новак Джокович пен испаниялық Рафаэль Надальдың кездесуі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған бұл матч Қазақстанда теннис спортын одан әрі дамытуды көздейді.
Теннис жұлдыздарының осынау бәсекесі қазақстандықтар үшін нағыз спорттық мерекеге айналды. Әсіресе, Надаль мен Джоковичтің балғын теннисшілерге кортта доп алмасып, шеберлік дәрісін беруі оларға ерекше әсер еткені анық.
Ойын «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілуде.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚР Президенті әлем теннисінің жұлдыздары Надаль және Джоковичпен кездескенін жазған болатынбыз.
Фото:ktf.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).