«Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы жәрмеңкеде мектеп формасы мен керек-жарақтардың нарықтағыдан төмен бағалармен мамандандырылған сатылымы ұйымдастырылады. Шараға отандық өндірушілер, кеңсе тауарларын, мектеп формасын, шұлық-нәски бұйымдарын көтерме баға бойынша сатушылар қатысады.
Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан(113 кабинет) немесе 557403 тел. арқылы алуға болады.