Қаланың төрт ауданында Наурыз мейрамы атап өтілетін 20-дан астам орын анықталды.
22 наурызда сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін барлық ауданда, соның ішінде елорданың елді мекендерінде «Наурыз Думан 2022» мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылады. Іс-шарада ведомстволық бағынысты ұйымдардың әртістері мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарламасы, түрлі костюм киген кейіпкерлер мен қуыршақтар шоуының бағдарламасы қарастырылған. Сондай-ақ, жиналған жұрт ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатыса алады, оның ішінде – арқан тарту, асық ату, тоғыз құмалақ және т.б. Бұл күні мерекенің басты белгісі – Наурыз көже ұлттық тағамы да жұртшылыққа таратылады.
Алматы ауданында мерекелік іс-шара «Қазақ Елі» монументі алаңында, «Студенттер» саябағында, Байқоңыр ауданында – «Ататүрік» саябағында, Жазушылар аллеясында, Есіл ауданында – ЭКСПО аумағында және Үркер елді мекенінде, Сарыарқа ауданында – «Көктал» саябағында және Demalys Promenade алаңында өтеді.
Сонымен қатар, 18-19 наурызда қалада әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, жалғыз басты қарт адамдарға және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарына азық-түлік себеттерін тарату жоспарлануда.
Ал, 19 наурыз күні сағат 11:00-де елорданың Достық Үйі алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы қала тұрғындары үшін «Қош келдің, әз Наурыз!» іс-шарасын өткізеді. Қонақтарды концерттік бағдарлама, қолданбалы өнер бойынша мастер-кластар, жәрмеңке және ұлттық спорттық ойындар бойынша жарыстар күтеді.
Достық үйінде киіз үйлер мен алтыбақан орнатылып, наурыз көже дайындалады. Киіз үйлердің ішінде елордалық этномәдени бірлестіктердің ұлттық нақыштағы экспозициялары қойылады. Сондай-ақ, әрбір киіз үйде қолданбалы өнер бойынша шеберлік сыныптары көрсетіледі.
Сағат 12.00-де бес бағыт бойынша ұлттық спорттық жарыстар басталады: «Бұқа тартыс», «Асық ату», «Гір көтеру», «Қазақша күрес», «Қол күрес». Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар беріледі.
Концерттік бағдарламамен елорданың этномәдени орталықтарының кәсіби, көркем ұжымдары өнер көрсетеді.
18-31 наурыз аралығында қуыршақ театры «Наурыз-думан» қуыршақтар шоуына шақырады. Қойылымдардың басталу уақыты: 10:00, 12:00, 14:00 және 16:00.
Қаланың орталықтандырылған кітапхана жүйесі де мерекеден тыс қалған жоқ. Қалалық кітапханалар күн сайын Наурыз мейрамына орай іс-шаралар өткізеді.
17 наурызда №3 балалар кітапханасы «Жасай бер, Әз Наурыз» ақпарат сағатын, ал №4 балалар кітапханасы – «Көңіл көтереміз Наурыз мерекесін қарсы аламыз» мерекелік калейдоскопын, сондай-ақ «Наурыз – бірлік, бейбітшілік және жаңару мерекесі!» іс-шараларын өткізеді. Дәл осы күні №5 бұқаралық кітапханада «Сәлем, Наурыз!», Орталық қалалық кітапханада – «Жарқыра, жайна Наурызым!», №9 бұқаралық кітапханада – «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» кеші ұйымдастырылады. 18 наурызда № 2 балалар кітапханасында «Ата-баба дәстүрлі-әдептілік негіз» атты мерекелік кездесу, №4 бұқаралық кітапханада «Наурыз думан» ұлттық тарих сағаты, №7 бұқаралық кітапханада «Армысың әз наурыз! Ақ мол болсын!», № 8 балалар кітапханасына «Наурыз келеді!» іс-шарасы өткізіледі.
19 наурызда № 3 бұқаралық кітапханада «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» әңгіме-ойынын, №2 бұқаралық кітапханада «Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні» мерекелік кешін, №10 бұқаралық кітапханада «Қазақша стилдегі дефиле» тарих сағатын, №15 бұқаралық кітапханада «Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз!» кітап көрмесін ұйымдастыру жоспарлануда.
Сәкен Сейфуллин мұражайы осы аптада әлеуметтік желілерде Наурыз мейрамы мен Қазақ ұлттық дәстүрлеріне арналған онлайн-іс-шаралар өткізеді.
25 наурызда елорданың Мемлекеттік Академиялық филармониясында «Наурыз сыйы» Ұлттық сыйлығы өтеді. Жоба тек мәдениетті ғана емес, сонымен бірге ұлттық байлықтың алуан түрлілігін білдіретін халық шеберлеріне арналған.
18-22 наурыз аралығында Арнасай көшесі, 109 бойындағы сауда павильонының аумағында Наурыз мерекесіне орай үлкен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады, онда өнімдер базар бағасынан 15%-ға төменге сатылады.