Елордада «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты кітаптың тұсауы кесілді

АНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» деп аталатын кітаптың таныстырылымы болды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кітаптың жобасын ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының директоры-тарих ғылымдарының докторы Бүркітбай Аяғанның жетекшілік етуімен аталмыш институт ғалымдары дайындады.

Суреттермен көркемделген 248 беттік кітап орыс тілінде жарық көрді. Жоба авторларының айтуынша, көптеген суреттер алғашқы рет жарияланып отыр және алдағы уақытта туындының қазақ тіліндегі нұсқасы әзірленетін болады. Кітаптың құндылығы тәуелсіз Қазақстан тарихының көптеген деректері пайдаланылып, бірқатар құжаттардың түпнұсқасының қолданылуымен ерекшеленеді. Болашақта кітаптың деректемелік қоры тарих оқулығын ғана емес, басқа да пәндерді жазуға негіз болады.

Тұсаукесер рәсімде Б.Аяған атап өткендей, Н.Әбішұлының өмірі мен қызметі, жай қарапайым ауылдың азаматынан әлемдік көлемдегі мемлекеттің көрнекті өкіліне дейін әйгілі болған дарынды тұлғаның өрлеу шыңынын жарқын үлгісі.