Елордада Нұржол бульварының учаскесі уақытша жабылады
АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульварының Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 25-31 мамыр аралығында алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, содан кейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс кезең-кезеңімен жабылатын болады. Учаскелердегі қозғалыс толығымен жабылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда Достық даңғылы мен Пушкин көшесін абаттандыратын мердігерлер белгілі болғанын хабарлаған едік.