деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Семинарға 50-ден астам адам қатысуда. «Кеше ғана Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы, «мемлекеттік тілді үйрету орталықтарының желілерін кеңейтіп, оларды әрбір қалада және аудан орталығында, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерде құру керек. Оқытудың инновациялық формаларын батыл және кеңірек енгізу қажет», деп атап өтті. Сондықтан оқытушының білімді болуы баса назар аударуды қажет етеді», деді семинардың ашылуында Тіл комитетінің төрағасы Ербол Шаймерденұлы.
Республика бойынша осындай 94 орталық бар. Олардың 64-і мемлекеттік болып табылады. «Біздің міндетіміз осындай орталықтардың санын көбейтіп, оларды қажетті оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз ету. Қазақ тілін үйрететін орталықтарды одан әрі дамыту керек», деп атап өтті Тіл комитетінің басшысы.
Е.Шаймерденұлының айтуынша, осыған орай ұйымдастырылып отырған бүгінгі шараның мақсаттарының бірі мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін оқытудың тиімді әдістемелік жүйелерін талдап, қазақ тілі мамандарының бір-бірімен тәжірибе алмасуларына жағдай жасау болып табылады.