Ер адам асыранды баланы өз үйінде сабаған.
«Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, жапа шегушінің денесінде соққы іздері бар. Бұл денсаулыққа жеңіл зақым келтіру болып саналады», - делінген хабарламада.
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының үкімімен тұрғын ҚР Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-2-бабы, 1 тармағы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Сондай-ақ, оған 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енді.
Фото: smolensk-i.ru