Елорданың ресми сайтының жазуынша, аудандық олимпиадалар өтті. Қалалық олимпиаданың бірінші туры 8 қаңтарда, екіншісі - 9 қаңтарда өтеді» Оған 700-ге тарта адам қатысады.
Қалалық олимпиадада аудандық олимпиаданың жеңімпаздары бақ сынамақ. Ал, ұлдар мен қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінде оқитын оқушылар мен «Зерде» дарынды балалар мектебінің шәкірттері байқаудан тыс қатысады.
Белгілі болғандай, қалалық олимпиаданың жеңімпаздары политехникалық цикл бойынша Талдықорған қаласында өтетін, гуманитарлық цикл бойынша Тараз қаласында өтетін республикалық турға қатысады.