Елордада «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының концерті өтеді

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 желтоқсанда «Өнер қырандары» әзіл-сықақ театрының «Кел, танысайық!» атты концерті өтеді.

Өнерлі жастардан құралған театрдың тарихына келер болсақ, ұжымның барлық мүшесі - кәсіби маман, Т.Қ.Жүргенов атындағы Өнер академиясынан түлеп ұшқан. Алғашқы қадамдарын 2007 жылы Көңілді тапқырлар клубында (КВН) өнер көрсетіп бастады, жетістікке де жетті. 2008 жылы республикалық Премьер лиганың чемпиондары атанды. 2009 жылы Алматы қаласында «Қазақстан КВН Одағының» ұйымдастыруымен өткен «Чемпиондар лигасында» Чемпиондардың чемпионы атанды. Дәл осы жылы, құрамы толықтырылып, 8 адамнан тұратын «Өнер қырандары театры» болып құрылды.

Бүгінде театр әзіл-сықақ саласында өз орнын тауып үлгерді. 2010 жылы Өнер қырандарының ұйымдаструымен тұңғыш рет актерлар мен әншілерден құралған «Жұлдызды гол» атты спорттық жоба ұйымдастырылды. Сондай-ақ, еліміздің беделді телеарналарында ұжымның ұйымдастыруымен түрлі жобалар көрсетілді. Атап айтсақ, «31-теларнада» - «Жұлдызбен жүздесу» (2010), «1-евразия» арнасында - «Большая разница в Казахстане» (2011), «Қазақстан» телеарнасы - «Наурыз думан», «Мерекелі бақ» (2012) жобаларын бүкіл қазақстандықтар тамашалап, бағасын берді.

Театр мүшелерінің породия жанрынан да алыс емес екендігі барлығымызғы белгілі. 2013 жылы Студенттер сарайында «Өнер қырандарының пародия кеші» атты алғашқы концерті өтті. Ал 2014 жылы Республика сарайында «Өнер қырандарының 10 жылдығына 5 жыл қалды» атты екінші жеке концерт берді. Қазіргі таңда театр КТК арнасындағы ауқымды жобалардың бірі - «Тойбестстар Өнер қырандарымен» атты жобаны жүргізуде.