Биыл желтоқсан айында тұжырымдама аясында елордалық онкологиялық диспансерде қызметті жетілдіру бойынша жобаның бірінші кезеңі аяқталды. Онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларын бейімдеу бойынша жұмыстар қолға алынды. Нозология, асқазан-ішек жолдары, өкпе мен сүт бездерінің қатерлі ісігі сияқты диагноздар бойынша хаттамалар әзірленіп, қабылданды. Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, изолятор инсталяциясы бойынша жұмыстар аяқталды, химия терапия бойынша бағдарламалық өнім енгізілді және химиялық препараттарды орталықтан араластыру жүйесі іске қосылды, Астана қаласы әкімдігінің Онкологиялық диспансерінде изолятордың ресми ашылуы өтті. Еске салайық, жоба 3 жылға арналған. Бұл маңыздылығы жағынан Қазақстандағы жалғыз осындай жоба. Сондай-ақ, «химиялық препараттарды орталықтан араластыру» инновациялық әдісін енгізуге, яғни, емдеу сапасын арттыруға, химия терапиясының жанама әсерін азайтуға, медициналық қызметкерлердің денсаулығына кері әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Химиятерапия жүргізу үшін қымбат емдік препараттарға бөлінетін бюджет қаржысын айтарлықтай үнемдеуге ықпал етеді. Айта кетейік, 2014 жылы онкологиялармен ауру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 163, 6 құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,0% төмен. Сонымен қатар, өткен жылмен салыстырғанда биыл онкологиялық аурулардан өлу көрсеткішінің де төмендегені байқалады. 2014 жылы өлім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 81,38 құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға аз.
05:15, 24 Желтоқсан 2014
Елордада онкологиялық қызметті жетілдіру жөніндегі жалғыз жобаның бірінші кезеңі аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасында ауру мен өлім көрсеткішін төмендету бойынша тапсырмаларын орындау аясында Астана қаласының онкологиялық диспансері Париж қаласындағы әлемге танымал Гюстав Русси атындағы онкологиялық институтпен стратегиялық ынтымақтастық тұжырымдамасын әзірледі, деп хабарлады astana.gov.kz.