деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
Астана қаласының Есіл ауданында жұма күні таңертең уақытша тұруға арналған тұрғын-жай өртеніп, қызыл жалын 120 шаршы метр аумақты шарпыған. Тілсіз жауды сөндіру барысында 17 жастағы жасөспірімнің денесі табылған.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің 39 маманы мен 7 техникасы жұмылдырылды.