Елордада өрт сөндірушілер 17 адамды құтқарды

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері өрт кезінде 17 адамды құтқарды.

Фото: видеодан скрин

- Астана қаласының «112» пультіне Есіл ауданындағы Сауран көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жіберілді. Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттағы ательеде ашық жалын байқалып, қою түтін болған. Дереу өрт сөндіру жұмыстары басталып, бір мезгілде үй тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жүргізілді. ТЖМ қызметкерлері үш буынды саты мен автосатыны пайдалана отырып, жоғарғы қабаттардан 17 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарды, - делінген ТЖМ ақпаратында.

Фото: видеодан алынған скрин

Атап айтқанда, өрт 50 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салсақ, жақында еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 5 өрт оқиғасы тіркелгенін жазған едік. 

Фото: видеодан алынған скрин