Елордада Орталық Азия елдерінің «С5+1» кездесуі өтіп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері «С5+1» фрматында кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесудің күн тәртібіне «Экономикалық қауіпсіздікжәне әріптестік», «Ауғанстандағы бейбітшілік», «Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамасыз ету» атты үш негізгі мәселеқаралмақ.

Бірінші болып сөз алған ҚР Сыртқы істер министріБейбіт Атамқұлов АҚШ мемлекеттік департаменті хатшысының орынбасары ДэвидХейлге бүгінгі шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

«Осындағы Сыртқы істер министрлеріне де жиынғақатысқандары үшін алғыс айтамын. Кездесуге өздеріңіздің тікелейқатысуларыңыз талқыланатын мәселелердіңқаншалықты маңызды екенін аңғартады. Құрметті министрлер, қымбатты достар,бауырлар, қауіпсіздік тақырыбына арналған аса жоғары деңгейдегі «С5+1»кездесуіне қош келдіңіздер. Нұр-Сұлтан қаласына келіп, өңірдегі ағымдық сын-тегеуріндермен қатерлерді талқылауға қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Орталық Азия – бірегей мүмкіндіктер мен іскеасырылмай жатқан орасан әлеуеттер аймағы. Бұл кеңістікте тұрақты әрі мызғымайдамуды қамтамасыз ету – біздің ортақ әрі қол жеткізуге болатын міндетіміз.Сондықтан да Қазақстан жаһандану дәуірінің алдында тұрған сын-тегеуріндер менқатерлер жағдайында бірлескен тиімді әрекеттерді жолға қоюға талпынып келеді.ҚР Тұңғыш Президенті-ЕлбасыНұрсұлтан Назарабев Қазақстанның сыртқы саясатындағы Орталықазиялық вектордың іргелі бағытынқалады. Елбасы айтқандай, Қазақстан аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктіқамтамасыз ету, өңірдегісын-тегеуріндер мен қатерлерге тиімді қарсы әрекет ету, әріптестікті нығайтып,оның артуына ықпал ету жолында барлық мемлекеттердің мүддесін алға жылжыту үшінжұмыс істейді. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлік стратегиясының негізінде Елбасыбастаған бағыттың мызғымастығы мен сабақтастығы жатыр», - деді министр.


Ведомство басшысы Орталық Азия өңірі қайта жаңғырукезеңін бастан өткеріп жатқанын атапөтті.

«Көршілерімізбен арадағы саяси, экономикалық жәнегуманитарлық серіктестіктің үдемелі дамуы бізді шабыттандырады. Шындығында,Орталық Азия қайта жаңғыру кезеңін бастан өткеріп жатыр. Соңғы жылдарыӨзбекстанмен серіктестік елеулі деңгейде алға жылжыды. Биыл ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапарын 14-15 сәуірде Ташкентке жасады.2020 жылға қарай екі арадағы тауар айналымын 5 млрд АҚШ долларына дейінарттырудың өршіл міндеті қарқынды іске асып жатыр. Қырғызстанменсеріктестік бекіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде Бішкеккемемлекеттік сапармен бармақшы. Тәжікстанмен де жемісті әріптестік орнатылған.Маусым айында Душанбеде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің саммиті өтіп, ел басшылары табысты кездесу өткізді. Түрікменстанмен бірлескен әрекеттер жоспарлытүрде іске асып жатыр. ҚР Премьер-Министрі мамыр айындағы ТМД елдері Үкімет басшыларының кездесуі мен осы айдаөткен Каспий экономикалық форумына қатысу үшін Түрікменстанға екі мәрте барды», - деген БейбітАтамқұлов, АҚШ-пен стратегиялық серіктестік жөніндегі диалогтың өңір қауіпсіздігінде үлкен мәнге иеекенін атады.


Сондай-ақ ҚР СІМбасшысы өзінің Вашингтонға сапарының нәтижесі туралы мәлім етті.

«Біз Құрамашататтармен кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға баса мән береміз. Шілдеайындағы Вашингтонға жасаған сапарымның сәтті болғанын атап өткім келеді. АҚШМемлекеттік хатшысы Помпео мырзамен табысты келіссөз жүргізіп, АҚШ-тың ұлттыққауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Болтонмырзамен арадағы серіктестікті одан әрі жалғастыру туралы келістік.


Өңірлік қауіпсіздіктіекіжақты диалог пен халықаралық әріптестіксіз елестету мүмкін емес. Сондықтан, «С5+1» форматы – өңірдің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігінқамтамасыз етуде маңызды құрал болып табылады. АҚШ-тың Орталық Азиядағы өңірішілік байланыстарды, траснпорттықдәліздерді, өңір қауіпсіздігіне қатысты инфрақұрылымдық жобаларды қолдауға бағытталған әріптестік стратегиясы өңірдегі елдердің мүддесіне толықтай сәйкескеледі», - деп түйіндеді министр.


Соңғы жаңалықтар