Елордада Орынбор көшесі 2 мамырға дейін жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Орынбор көшесінің Керей мен Жәнібек хандар көшесінен Хусейн Бен Талал көшесіне дейінгі бөлігінде асфальтбетон жабыны ауыстырылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«Осыған байланысты аталған жол учаскесінде бүгін сағат 22:00-ден бастап 2 мамырға дейін көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады.

Жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін кезеңде жүргізушілерден жол бағдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.