Елордада жол жөндеу кестесіне сәйкес қазіргі кезде мына көшелерде тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр:
- Манас к-сі Абылай хан даңғылынан тұйыққа дейін - 25 маусымға дейін;
- Ш. Уәлиханов к-сі Бөгенбай батыр даңғылынан А. Бараев к-сіне дейін - 17 маусымға дейін;
- Қобыланды батыр к-сі - 30 маусымға дейін;
- Р. Қошқарбаев к-сі Б. Момышұлы даңғылынан Сарыкөл к-сіне дейін - 20 маусымға дейін;
- А. Тоқпанов к-сі Г. Алиев к-сінен Б. Момышұлы даңғылына дейін - 25 маусымға дейін;
- Қордай к-сі №14 к-сінен соңғы аялдамаға дейін - 20 маусымға дейін;
- Вокзал маңындағы алаң - 25 маусымға дейін.
Алдағы уақытта мына көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған:
- С. Сейфуллин к-сі А. Сембинов к-сінен Ш. Уалиханов к-сіне дейін - 12.06.2016 - 20.06.2016;
Үстіміздегі жылдың 10 шілдесінен кейін мына жол учаскелерінде жөндеу жұмыстары басталады:
- А. Петров к-сі Қ. Сәтпаев к-сінен Қ. Мұңайтпасов к-сіне дейін;
- Көктал к-сі Н. Тілендиев даңғылынан М. Дулатов к-сіне дейін;
- Бөгенбай батыр даңғылы Сарыарқа даңғылынан К. Күмісбеков к-сіне дейін;
- Ж. Ташенов к-сі Тәуелсіздік даңғылынан Таха Хусейн к-сіне дейін;
- Тәуелсіздік даңғылы Б. Момышұлы даңғылынан А. Байтұрсынов к-сіне дейін.
Жүргізушілерден қозғалыс бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.